jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алдағы демалыс күндері елімізде қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді деп күтілуде

Тұман
Тұман. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Синоптиктер алдағы демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, 8-10 сәуір аралығында Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Республиканың солтүстігінде және шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Сонымен қатар 9 сәуірде оңтүстік-батыс өңірлерде қатты жаңбыр, оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), 10 сәуірде Қазақстанның оңтүстігінде қатты жаңбыр жаууы мүмкін.

Бұдан бөлек, республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстік, батыс аймақтарда шаңды дауыл, найзағай, солтүстік, шығыс, орталық өңірлерде көктайғақ күтіледі.

Сондай-ақ еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында түнде 3 градус үсік жүруі ықтимал.

Алдағы демалыс күндері елімізде қар аралас жаңбыр жауып, үсік жүреді деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.