jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Атырауда жол бойында жүрген ойыншық көліктер жол ережесін бұзған (видео)

Ойыншық көліктер
Атырауда ойыншық көліктер жол ережесін бұзған. Видеодан кадр: atpress.kz/

Әлеуметтік желіде ойыншық арбалардың Атырау қаласының орталығында жол бойында жүрген видеосы тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Atyrau Press" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның мәліметінше, 22 жастағы ойыншық көліктердің иесі жол бөлігіне шығып, көлік қозғалысын жауып тастағаны үшін ескерту алған.

Аккумулятордан қуат алатын ойыншық көліктердің жолда жүргеніне кей адамдар қызық көрсе, кейбіреулер қатты ашуланғаны әлеуметтік желідегі видеоларда тарады.

Бұған қатысты полиция басқармасы пікір білдірді деп жазады басылым.

"5 сәуір күні Тайманов-Құлманов көше қиылысы тұсында ойыншық арбалар көлік құралдарына кедергі жасап, жол ережесін бұзғаны анықталды. Ол бойынша 2001 жылы туған азамат анықталып, оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 615-бабы 1-бөліміне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып жауапкершілікке тартылды. Қала тұрғындарынан жол ережесін қатаң сақтауын сұраймыз", - дейді облыстық ПД баспасөз өкілі Мейірім Ердәулет.

Атырауда жол бойында жүрген ойыншық көліктер жол ережесін бұзған (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.