Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Күн райы құбылмалы болады: синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Гүлденген ағаш
Гүлденген ағаш. Көрнекі сурет: pixabay.com

Синоптиктер 7 сәуір күні ел аумағында және Қазақстанның ірі қалалары - Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Мысалы, республиканың солтүстігі мен шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Ал 9 сәуірде оңтүстік-батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жаңбыр-қар аралас қатты жауын-шашын болады. 10 сәуірде Қазақстанның оңтүстігінде қатты жаңбыр жауады.

Сонымен қатар Қазақстан бойынша желдің күшеюі мен тұман күтіледі. Оңтүстік және батыс аймақтарында шаңды дауыл соғып, найзағай жарқылдайды, ал солтүстікте, шығыста және орталықта көктайғақ болуы мүмкін. Еліміздің батысы мен оңтүстік-шығысында түнде 3 градус үсік болады деп күтіледі.

8 сәуірде күндіз Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Ауа температурасы +1 +3 °C болмақ, ал түнде -8 -10 градусқа дейін суытып, түннің бірінші жартысында аздаған қар, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 метр секунд шамасында болмақ.

Алматы қаласында 8 сәуірде ауа температурасы күндіз +17 +19 градус болады, ал түнде +7 +9 градусқа дейін төмендейді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Түнде жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с болмақ.

Шымкентте бүгін ауа райы көшпелі бұлтты болады. Жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Ауа температурасы күндіз +21+23 °C болып, түнде +7 +9 градусқа дейін төмендейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2015974-kun-raiy-qubylmaly-bolady-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel