jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Жеңімпазға 1,5 млн теңге: елімізде қыздар арасында Құранды жатқа оқудан байқау өтеді

Құран кітап
Құран кітап. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Алматы қаласында Құран Кәрімді жатқа оқудан қыздар арасында ІІІ республикалық байқау өткізілмек, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ҚМДБ-ның ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқауға қатысушылар 30, 20, 10 және 5 пара номинациялары бойынша бақ сынайды. Үміткерлердің өтініш беруге арналған құжаттары 2023 жылдың 15 мамырына дейін қабылданады.

Толық Құранды жатқа оқудан:

  • 1 орын - 1 500 000 тг.
  • 2 орын - 1 200 000 тг.
  • 3 орын - 1 200 000 тг.тг.

Құранның 20 парасын жатқа оқу бойынша:

  • 1 орын - 1 000 000 тг.
  • 2 орын - 800 000 тг.
  • 3 орын - 600 000 тг.

Құранның 10 парасын жатқа оқу бойынша:

  • 1 орын - 600 000 тг.
  • 2 орын - 400 000 тг.
  • 3 орын - 300 000 тг.

Құранның 5 парасын жатқа оқу бойынша:

  • 1 орын - 400 000 тг.
  • 2 орын - 300 000 тг.
  • 3 орын - 200 000 тг.

Жалпы жүлденің қоры - 8 300 000 тг.

Үміткер қыздарға қойылатын талаптар:

  • үміткердің ҚР азаматы болуы;
  • әйел кісі болуы;
  • әр номинацияда талап етілетін параларды толық жаттауы;
  • жарысқа қатысушының жаттаған паралары толық болуы керек, яғни екі жерден жарты-жарты параны біріктіріп ұсынуға болмайды.
  • жарысқа қатысу құжаттарын ұйымдастырушылар белгілеген мерзімде тапсыруы;
  • үміткер бір номинацияға ғана қатыса алады;
  • үміткер өз облысында өткізілетін алдын ала іріктеу сайысында I-орын алған жағдайда жарысқа жолдама ала алады;
  • әр облыстан бір номинацияға бір үміткер ұсынылады (барлығы 4 үміткер);
  • іріктеуден өткен үміткер номинациясын ауыстыра алмайды;
  • ақтық сайысқа келген үміткер жарысқа қатысудан бас тартуына болмайды;
  • үміткердің жасы 30-дан аспаған болуы;
  • толық Құранды жатқа оқу номинациясы бойынша Республикалық, Халықаралық жарыстарда жүлделі орын (1 орын) алмаған болуы керек;
  • 2022 жылғы IІ Республикалық Құран жарысындағы 5-10 және 20 паралары бойынша жеңімпаздар (1 орын) тек жоғары номинацияларға ғана қатыса алады.

Талап етілетін құжаттар:

  • Анкета (бекітілген үлгі бойынша);
  • жеке куәлік (паспорт) көшірмесі;
  • 1-орын сертификатының көшірмесі;
  • ҚМДБ-ның өңірдегі өкіл имамының ұсыныс хаты.

Жауапты тұлғаның байланыс мәліметтері:

Қажылық бөлімінің меңгерушісі – Жәнділлә Мамытханұлы

Тел: +7 701 477 07 17.

e-mail: quran@muftyat.kz

Жеңімпазға 1,5 млн теңге: елімізде қыздар арасында Құранды жатқа оқудан байқау өтеді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.