jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Гүл.
Көктемде жарып шыққан гүл. Көрнекі сурет: Pixabay.com

Қазақстандықтар биыл мамыр айында үш мемлекеттік мерекені атап өтеді. Жалпы алғанда мамырда 11 демалыс күні болмақ, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Электрондық үкімет порталына сілтеме жасап.

Алдағы айда елімізде 1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні, 7 мамыр — Отан Қорғаушы күні, 9 мамыр — Жеңіс күні тойланады.

Алайда Отан Қорғаушы күні мерекесі жексенбіге түсіп тұрғандықтан, 8 мамыр демалыс күні болмақ. Осылайша қазақстандықтар 6-9 мамыр аралығында қатарынан төрт күн демалады.

Жалпы алғанда, мамыр айында бес күн жұмыс істейтін азаматтарды мереке күндері мен демалыс күндерін қоса алғанда 11 күн демалыс күтіп тұр.

Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін демалыс күндері — 1, 7-9, 14, 21, 28 мамыр.

Күнтізбе
Күнтізбе. Скриншот: egov.kz

Қазақстандықтар мамыр айында қанша күн демалады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.