jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қаққан бесінші адам көз жұмды

Науқас
Көрнекі фото: piqsels.com

Шымкентте автобус қағып, ауруханаға түскен тағы бірі адам қайтыс болды. 2006 жылы туған жасөспірім алған жарақаттарынан есін жимастан қаза тапқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Дәрігерлердің айтуынша, ауруханаға жеткізілгенде жасөспірім клиникалық өлім жағдайында болған. Бірнеше рет жүрек қағысы тоқтаған жасөспірімді аман алып қалу мүмкін болмаған.

"2006 жылы туған жасөспірім қайтыс болды. Ауруханаға жеткізілгенде жасөспірім клиникалық өлім жағдайында еді. Бірнеше рет жүрек соғысы тоқтап қалды. Реанимациялық шаралардың әсері болған жок",- деп мәлімдеді Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Еске сала кетейік, 8 сәуірде Шымкенттегі "Метро" сауда үйінің жанындағы екі көшенің қиылысында жүргізуші басқаруынсыз автобус қарсы бағытқа шығып кетіп, жаяу жүргінші жолағында келе жатқан алты адамды қағып кеткен еді.

Салдарынан екі әйел мен жасөспірім оқиға орнында, тағы бір кәмелетке толмаған қыз жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Свежая публикация по теме:
"Көнеміз ғой": талай тыңдарманды жылатқан хит әнді кім жазған

"Оқиға орнына жеткен Шымкент қаласы ПД-нің жедел-тергеу тобы жүргізуші соңғы аялдамадан қарсы бағытқа бұрылып, автобусты қол тежегішінде қалдырып, көліктен шығып кеткенін анықтады. Қазір оқиға орнында анықтаушылар мен криминалистер жұмыс істеп жатыр.

Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, автобустың жұмысқа жарамдылығын тексеру үшін автотехникалық сараптама тағайындалды. Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деп мәлімдеген болатын Шымкент қалалық полиция департаменті.

Автор: Жанар Пердешқызы

Шымкентте жүргізушісі жоқ автобус қаққан бесінші адам көз жұмды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.