jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

30 градус ыстық, жаңбыр, жел: алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Қолшатыр ұстаған адамдар
Қолшатыр ұстаған адамдар. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы күндері оңтүстік өңірлерде жаңбыр жауып, кейін ауа температурасы +30 градусқа дейін көтеріледі деп болжады. "Қазгидромет" РМК 11-13 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, ауа райы құбылмалы болмақ.

11-12 сәуірде түнде Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады.

Бұдан бөлек, синоптиктер еліміздің солтүстік жартысында ауа температурасы түнде -5...-10 градусқа дейін төмендеуі ықтимал деп болжады.

Дегенмен өңірлерде көктемнің жылылығы сезіліп, күндізгі уақытта ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.

13 сәуірде республикамыздың солтүстік жартысында термометр бағаны +10...+18 градусты көрсетсе, ал оңтүстігінде +17...+30 градусқа дейін көтеріледі.

Сонымен қатар республика бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл мен найзағай, солтүстік жартысында көктайғақ күтілуде.

30 градус ыстық, жаңбыр, жел: алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.