Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы уақытта Алматыда океанариум ашылуы мүмкін

Опубликовано:

Океанариум
Океанариум.Көрнекі сурет: pexels.com

Алматыда океанариум пайда болуы мүмкін. Ашылған жағдайда ол Тұңғыш президент саябағында орналасады. Бұл туралы талқылауға ұсынылған Алматының 2040 жылға дейінгі бас жоспарында айтылған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Құжат "Ашық НҚА" порталында жарияланды.

"Алматының бұрынғы бақтар қаласы даңқы қайта жаңғырып келеді. Алматының оңтүстік-батыс бөлігінде, Әл-Фараби даңғылының оңтүстігінде жаңа дендропарк салынды", - делінген құжатта.

Құжатта тұңғыш президент саябағы туралы айтылған. Сонымен қатар құжатта саябақтың аумағы 73 гектар екені де көрсетілген. Саябақта Қазақстан аумағындағы барлық ландшафт үлгілері дала, тау және орман болады деп күтілуде.

"Тропикалық аймақтардың флорасының экспозициясы бар океанариум мен климатрондар (белгілі бір географиялық аймақтардың климаттық жағдайларына байланысты жасанды түрде жаңғыртуға арналған зона – ред.) құрылып, Жапония, Қытай, Египет, Еуропа елдерінің ландшафтық көгалдандыру өнері ұсынылады. Жалпы мұнда 50 түрлі 10,5 мың ағаш және 30 түрлі 7 мың бұта отырғызу жоспарлануда", - делінген қаланың бас жоспары жазылған құжатта.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016144-aldagy-uaqytta-almatyda-okeanarium-asyluy-mumkin/

pixel