Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әдемі тұрғанымызды қалаймын": Балқаш тұрғыны үйдің кіреберісін адам танымастай өзгертіп тастаған (фото)

Опубликовано:

Балқаш тұрғыны безендірген подъезд
Балқаш тұрғыны безендірген подъезд. Фото: Instagram.com/almatykz

Балқаш қаласының тұрғыны өзі тұратын үйдің кіреберісін пластикалық қақпақтардан жасалған мозаикалық суреттермен безендірген. Үйдің екі қабатын безендіру үшін 65 жастағы шеберге төрт жыл қажет болған, деп хбарлайды Қарағанды облысының әкімдігі Instagram-дағы ресим парақшасында.

Әкімдіктің мәліметінше, Балқаштың байырғы тұрғыны Юрий Воробьев екі қабаттан тұратын көпқабатты үйде жұбайымен бірге 20 жылдан астам уақыт тұрып келеді.

Ол өмір бойы жергілікті комбинатта дәнекерлеуші, шебер болып жұмыс істеген.

Зейнетке шыққан соң шебер пластикалық бөтелкелердің қақпағын жинап, одан суреттер, композициялар жасай бастаған.

"Мен тамбурдың есігінен бастадым, содан кейін еденді, содан кейін қабырғаларды безендірдім. Жолбарыс, қоян, марғау осылай пайда болды. Көршілерге ұнайды. Өзімнің кіреберісімді төрт жыл бұрын безендіре бастағам", – дейді Юрий Воробьев.

Балқаш тұрғыны безендірген подъезд
Балқаш тұрғыны безендірген подъезд. Фото: Instagram.com/almatykz

Шебердің туындысы жайлы естігендер тіпті суретке түсуге келеді екен. Әдемі және жайлы тұрғанымызды қалаймын деген Юрий Воробьев өз туындыларының адамдарға ұнағанына қуанышты. Айтуынша, өз ісін сүйіп жасайды.

"Қақпақтардан кіреберіске еден төсеу үшін маған шамамен бес күн қажет болды. Мен қақпақтарды плитка желіміне отырғыздым. Оларды жинауға көп уақыт кетеді. Маған достарым мен таныстарым көмектеседі. Кейде мен өзім қаланы аралап жүріп жинаймын. Менің кіреберісіме 60 мыңға жуық қақпақ кетті", – дейді шебер.

Балқаш тұрғыны безендірген подъезд
Балқаш тұрғыны безендірген подъезд. Фото: Instagram.com/almatykz

Сондай-ақ Юрий Воробьев туыстарына қақпақтардан портативті суреттер де жасайтын көрінеді. Оларды нейлон жіптерімен біріктіретінін айтады.

"Қазір түрлі түсті қақпақтар өте көп. Сіз кез келген композицияны жасай аласыз. Шындығында, бұл қиын емес. Ең бастысы – ниет", – дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016156-ademi-turganymyzdy-qalaimyn-balqas-turgyny-uidin-kireberisin-adam-tanymastai-ozgertip-tastagan-foto/

pixel