Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ұлына жыныстық зорлық-зомбылық жасалған": Түркістан облысының тұрғыны полицияға шағым түсірді

Жарияланған күні:

қылмыстық іс
Қылмыстық кодекс. Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

НеМолчиKZ қоғамдық қорының жетекшісі Дина Таңсәрі Facebook парақшасында Түркістан облысы Төлеби ауданының қоғам белсенділерінен келіп түскен хаттың мазмұнын жариялады. Онда 6 сынып оқушысы 5 сынып оқушысына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы жазылған. Аталған жайтқа қатысты полиция қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Сенім телефонына алтыншы сынып оқушысының бесінші сынып оқушысына жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны туралы хабар келіп түсті. Полиция қылмыстық іс қозғаған, бірақ сараптама нәтижелері әлі шықпаған. Ал ауылдастары күдіктінің туысы дәрігер болып жұмыс істейтін болғандықтан сараптама нәтижелері фальсификацияға ұшырай ма деп қорқуда", - деп жазды Дина Таңсәрі.

Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі KAZ.NUR.KZ тілшісіне бұл жайттың департамент басшылығының жеке бақылауына алынғанын жеткізді.

"29 наурызда Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, ауданның кәмелетке толмаған тұрғыны ұлына қатысты жыныстық сипаттағы іс-әрекет жасағанын хабарлады.

Бұл факт Қылмыстық кодекстің 121-бабы 3-1-бөлігі (Сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері) бойынша тіркелген. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы келіп, барлық қажетті іс-шараны өткізді. Бірқатар тиісті сараптама тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша заңды процессуалдық шешім қабылданатын болады", - деп мәлімдеді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сондай-ақ бұл іске қатысты Түркістан облысы бойынша бала құқықтары жөніндегі уәкіл Гүлжан Веротская пікір білдіріп, оны бақылауға алғанын айтты.

"Мен де Түркістан облысы бойынша Бала құқықтары жөніндегі уәкіл ретінде бұл істі бақылауға алдым. Мен барлық мүдделі мемлекеттік органмен байланыстамын, тәуелсіз медициналық сарапшылар мен психологтарды тарту бойынша ұсыныстар бердім", - дейді Гүлжан Веротская.

Автор: Жанар Пердешқызы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016206-ulyna-zynystyq-zorlyq-zombylyq-zasalgan-turkistan-oblysynyn-turgyny-policiyaga-sagym-tusirdi/