jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ақырыс Сейтқазы
Ақырыс Сейтқазы
Бұрынғы қызметкер

Атырауда жоғалып кеткен 16 жастағы бойжеткен төрт күннен бері табылмай жатыр

Әсемай Қазбекова
Әсемай Қазбекова. Фото: atpress.kz

Атырауда 16 жастағы Әсемай Қазбекова жоғалып кетті. Жасөспірімді еріктілер мен полицейлер төрт күннен бері таба алмай жатыр, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Әсемай Қазбекова алтыншы сәуір күні кешкісін құрбысына барамын деп, үйінен шығып кеткен. Содан бері ұшты-күйлі жоқ. 4 күннен бері тиісті орган қызметкерлерімен бірге жүздеген ерікті Әсемайды іздеп жатыр.

Өзеннің асты, қамыс арасы, иесіз үй мен гараждар, көше-көшені аралап, табандары таусылғанымен, әлі нәтиже жоқ. Қыз бала соңғы рет қаладағы көпірлердің бірінің үстінен батып бара жатқан күннің суретін түсіріп, туыс-достарына жіберген.

"Көпір үстіне жасөспірімнің шыққаны камерадан көрінеді. Екінші камера басқа бағытта қарап тұруына байланысты көпірден түскен бейнежазбасы жоқ. Қазіргі таңда су асты іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Себебі қазіргі таңда жасөспірімнің суға секіріп кетті деген де күмән бар", - дейді облыстық полиция департаменті баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.

Айта кетейік, жыл басынан бері Атырау қаласында 33 жасөспірімнің жоғалу дерегі тіркелген. Абырой болғанда, оның 32-сі үйіне аман-есен оралды.

Атырауда жоғалып кеткен 16 жастағы бойжеткен төрт күннен бері табылмай жатыр

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.