Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Найзағай, жаңбыр, бұршақ, үсік: 11 сәуірде Қазақстанда ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қолшатыр ұстаған қыз
Қолшатыр ұстаған қыз. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 11 сәуірде ел аумағында және Қазақстанның ірі қалалары - Алматы, Астана Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Мамандар сейсенбіде қазақстандықтарды қолайсыз ауа райы күтіп тұрғанын ескертті, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін республиканың басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) оның ішінде Алматы, Түркістан, Жамбыл, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, орталығында және таулы, тау бөктеріндегі аймақтарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Сейсенбіде тек Қазақстанның солтүстігі мен батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сондай-ақ бүгін республика бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстік-батыста тұман түсіп, оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, бұршақ жаууы ықтимал.

Түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында, солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік жүруі мүмкін.

Синоптиктердің болжамынаша, бүгін Алматы қаласында да найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күн аздап салқындауы мүмкін. Күндіз +11...+13 градус аралығында жылы болса, түнде +7...+9 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, алайда найзағай кезінде 15 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

11 сәуірде Астанада да жаңбыр түріндегі қысқа мерзімді жауын-шашын күтілуде. Термометр бағаны күндіз +5...+7 градусты көрсетсе, түнде 0...-2 градусқа дейін төмендейді. Күндіз жел 9-14 м/с-қа дейін күшеюі ықтимал.

Ал мамандар бүгін Шымкентте көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр. Күндіз ауа температурасы +16...+18 градусқа дейін көтерілсе, түнде +7...+9 градусқа дейін төмендейді. Сонымен қатар қалада жел күшейіп, күндіз екпіні 8-13 м/с-қа, кейде 15-20 м/с-қа дейін жетуі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016242-naizagai-zanbyr-bursaq-qatty-zel-11-sauirde-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel