jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

"Армандап еді": келіні қыз босанатынын естіп, қуанышын жасыра алмаған ене желіде қызу талқыға түсті (видео)

Енесі мен келіні гендер пати
Енесі мен келіні. Скриншот: instagram.com/kyzdargakenec

Әлеуметтік желіде гендер патиде келінінің қызды болатынын естіген ененің қуаныштан билеп кеткен сәті тарады. Келінін құшақтап, құттықтаған әйелдің әрекеті көпшілікті сүйсінтті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Видео kyzdargakenec Instagram парақшасында жарияланған.

"Енем қызды қатты қалап еді. Аллаға шүкір", - деп жазған видео авторы.

Видеодан енесі мен келінінің баланың жынысы жасырынған қорапты ашуға дайындалған сәтін көруге болады. Ал қораптың ішінен ашық қызыл түсті шардың шыққанын көрген болашақ әже қуаныштан секіріп кетеді. Осыдан соң әйел барып келінін құшақтап, құттықтады.

Сондай-ақ гендер патиге жиналған көпшілік те қуанышын білдіріп, видео соңында бәрі құтты болсын айтады.

Айта кетейік, видеода гендер патиге тек әйелдердің жиналғанын байқауға болады.

Ал желі қолданушылары әйелдің бұл ісіне сүйсінгенін жасырмады.

"Қандай күшті", "Қыз кімдікі екені түсінікті болып тұр ғой", "Тек әйелдер жиналған гендер патиді алғаш көріп тұрмын", "Бұрын қазақта "құрсақ той" деген болатын", "Енесі қандай керемет жан", "Енем осылай қуанса, жылда босанатын шығармын", "Аман-есен бауырына бассын", - деп жазды желідегілер.

"Армандап еді": келіні қыз босанатынын естіп, қуанышын жасыра алмаған ене желіде қызу талқыға түсті (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.