Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ата-анасы 2 жасында ажырасқан": павлодарлық жігіт туған әкесімен 30 жылдан кейін кездесті

Опубликовано:

Жас жігіт 30 жылдан кейін әкесімен қауышты
Әкесі мен баласы. Фото: Рolisia.kz

Семей полицейлері бір-бірін 30 жыл көрмеген әкесі мен баласын қауыштырды. Жан тебірентерлік оқиға туралы Polisia.kz сайтында жарияланды.

Полицияның хабарлауынша, Павлодар қаласының тұрғыны ұзақ уақыт бойы әкесін көрмеген. Өйткені, екі жаста оның ата-анасы ажырасып кеткен. Содан бері ол Павлодар қаласында анасымен бірге тұрады.

Айтуынша, ол әкесін көруді бала кезден армандаған. Жақында ол әкесін іздеп табамын деп шешім қабылдап, оның мекенжайын анықтау мақсатында Семей қаласының полицейлерінен көмек сұраған.

Әуезов полиция бөлімінің учаскелік инспекторы толыққанды іздеуді ұйымдастырып, ер адамның әкесінің орналасқан жерін анықтайды.

Жігіттің әкесі ескі мекенжайда ұзақ уақыт тұрмағаны, пәтерін сатқаны және шаруа қожалығына жұмыс істеуге көшкені белгілі болды. Екі жаққа кеткеннен бері арада 30 жыл өткен, ақырында учаскелік полицияның арқасында әке мен бала бір-бірімен қауышты. Жігіт полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді. Ол жақын күндері әкесін жанына көшіріп алатынын айтқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016324-ata-anasy-2-zasynda-azyrasqan-pavlodarlyq-zigit-tugan-akesimen-30-zyldan-keiin-kezdesti/

pixel