Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүкті әйелге ораза ұстау парыз ба: Нұрлан имам жауап берді

Опубликовано:

Жүкті әйел
Көрнекі фото: Рixabay.com

Белгілі дінтанушы, Нұрлан имам Instagram парақшасында оқырмандарының бірі қойған "аяғы ауыр әйелге ораза ұстау парыз ба" деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дінтанушы, психолог Нұрлан ұстаз желідегі парақшасында біршама қыз-келіншекті толғандарып жүрген сауалға жауап берді.

"Ұстаз, аяғым ауыр еді. Ораза ұстасам бола ма деген сұрақтарыңызға жауап осы видеода" деп жазған Нұрлан ұстаз міндетті түрде дәрігермен кеңесу қажеттігін айтқан.

"Әйел адам, қыз баласы аяғы ауыр болған сәтінде ораза ұстайтын болса, онда бұл адамның денсаулығына зиян келмеуі қажет. Мұны міндетті түрде бірінші орында дәрігерлермен кеңесуді бұйырған болар едім. Шариғатымыз да солай бұйырады.

Неге? Өйткені, денсаулығында кінәраты бар адам, денсаулығы көтермеген қыз келіншектің аяғы ауыр бола тұра ораза ұстайтын болса, оның ішіндегі бөпесіне зиян келуі ықтимал.

Сондықтан әйел адам ол баланың ырзық несібесін кемітпестен денсаулығын күтіп, содан кейін бала босанғаннан кейін қырық күн тазарып, баланы екі жыл емізіп, содан кейін ұстай береді.

Тіпті әйел адам өмірде біраз уақытқа дейін ораза ұстай алмай қалуы мүмкін. Ол мойнында тұра береді. ИншАлла, Жаратқанның алдында ол тіпті кешірімге дейін баруы ықтимал. Неге? Өйткені, әйел адамның өмірі сондай, енді ұстайм дегенде және бала көтереді, тағы ұстай алмауы мүмкін. Сөйтіп өмірінің біраз жеріне дейін баруы ықтимал. Сондықтан Алла оған рахымдықпен қарайды", – деп түсіндірді Нұрлан ұстаз.

Имам ораза деген адамның денсаулығын құртып, бұзатын құлшылық еместігін айтты.

"Қайта ораза денсаулықты бекемдейтін, ауруға шипа алып келген, мүмкін сізге қуат алып келген ғибадат болуы керек", – деп түйіндеді имам.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016338-zukti-aielge-oraza-ustau-paryz-ba-nurlan-imam-zauap-berdi/

pixel