Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ол кісісіз бізде көкпар басталмайды": қызылордалық қария 80-ге келсе де әлі көкпар тартады (видео)

Опубликовано:

Қалдан ақсақал
Қалдан ақсақал. Виедодан кадр: "Астана" арнасы

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Сұлутөбе ауылында жасы 80-ге келсе де, аттан түспеген қария тұрады. Қалдан ақсақал кейде жас көкпаршылармен де додаға түседі, деп хабарлайды "Астана" арнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, жастайынан трактор айдап, егін егіп, мал баққан Қалдан ақсақал жасы 80-ге келсе де тың. Зейнеткер әлі күнге дейін қол қусырып отыра алмайтынын айтады.

"Таза бейнетпен тапқан ақша тәтті. Ол жанұяңа да сіңімді. Қазір жұмыс көп. Мен отыра алмаймын. Балыққа барғым келеді, балыққа барамын оның өзі кәсіп. Ал жұрттың барлығы балықшы емес. Адал болсаң, ешкімге ешқандай қиянат жасамасаң, пейіліңе береді деген ой қалыптасып қалған", - дейді Қалдан Шәмшиев.

Қалдан ақсақал көлік те жүргізеді. Туған-туыстан шұғыл хабар жетсе, мотоциклмен барып, алып келетінін жеткізді. Ал тұлпардың орны ерекше деген ақсақалсыз бүгінде ауылда көкпар басталмайтын көрінеді.

"Ол кісісіз бізде көкпар басталмайды. Сол кісінің батасымен басталады. Аттың қыр-сырын сол кісіден үйреніп, тәрбие алып келеміз. Ол кісі де көкпар шапқан кісі. Қалай басу керек, қалай тарту керек соның бәрін бізге үйретіп келе жатыр", - дейді Сұлутөбе ауылының тұрғыны Шыңғысхан Батырхан.

Бүгінде Қалден ақсақал 60 жыл отасқан өмірлік серігімен бірге 7 баладан немере сүйіп, шөберенің қолынан су ішіп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016378-ol-kisisiz-bizde-kokpar-bastalmaidy-qyzylordalyq-qariya-80-ge-kelse-de-ali-kokpar-tartady-video/

pixel