Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алдағы күндері Қазақстанда күн суытып, қар жаууы мүмкін

Опубликовано:

Жаңбыр суын шашыратқан көлік
Жаңбыр суын шашыратқан көлік. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алдағы үш күнде еліміздің барлық аймағында ауа температурасы күрт төмендеп, қатты жауын-шашын жаууы мүмкін, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Синоптиктер алдағы үш күн республиканың барлық аймағында ауа температурасының күрт төмендеуі және қатты жауын-шашын күтіледі деп болжады.

Сонымен қатар еліміздің солтүстік жартысында негізінен қар жауып, оңтүстік облыстарда найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін.

Бұдан бөлек, Қазақстанда желдің күшеюі күтіледі, мамандар солтүстік облыстарда тұман, көктайғақ болуы мүмкін дейді.

Республиканың солтүстік-батысы мен солтүстігінде 14 сәуірде ауа температурасы -10 градусқа күрт төмендеуі ықтимал. Ал оңтүстік облыстарда 15 сәуірде күн суытады деп болжануда.

Бірақ 14 сәуірге дейін елдің солтүстігінде +20 градусқа дейін, оңтүстігінде +33 градусқа дейін ыстық күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016468-aldagy-kunderi-qazaqstanda-kun-suytyp-qar-zauuy-mumkin/

pixel