Шымкентте 31 градус ыстық: бүгін елімізде ауа райы қандай болады
Жарияланған күні:
Синоптиктер бүгін, 13 сәуірде ел аумағында және Қазақстанның ірі қалалары - Алматы, Астана, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Метеорологтардың мәліметінше, бүгін республиканың басым бөлігі жоғары қысым алқабында болады, осыған байланысты ел аумағында негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Тек еліміздің батыс және солтүстік өңірлерінде атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы ықтимал.
Сонымен қатар республика бойынша желдің күшеюі, батыста, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, Батыс Қазақстан облысында найзағай және бұршақ күтіледі.
Ал Алматы қаласында бүгін жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Күндіз ауа температурасы +21...+23 градусқа дейін көтеріледі, ал түнде +5...+7 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Бейсенбіде Астанада да жауын-шашынсыз ауа райы сақталады деп күтілуде. Күндіз термометр +16...+18 градусты көрсетсе, түнде 0..-2 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Синоптиктердің болжамынша еліміздің үшінші мегаполисі Шымкентте бүгін +31 градусқа дейін ыстық болады. Күндіз термометр бағаны +29...+31 градусты көрсетсе, түнде ауа температурасы +11...+13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016558-symkentte-30-gradus-ystyq-bugin-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/