Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Экологтар Қазақстанда ауасы айрықша ластанған сегіз қаланы атады

Опубликовано:

Алматы
Алматы. Фото: ortcom.kz

Еліміздің сегіз қаласында атмосфералық ауаның ластануы жоғары деңгейде екені анықталды. Бұл туралы экология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ орталық коммуникациялар қызметінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев экологиялық мониторинг нәтижесі бойынша 8 қалада атмосфералық ауаның ластануы жоғары деңгейде екені анықталғанын айтты. Олар - Астана, Алматы, Қарағанды, Теміртау, Атырау, Ақтөбе, Балқаш және Өскемен қалалары.

"Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде 2020 жылы министрлік қалалар мен облыстардың әкімдіктерімен бірлесіп өңірлердің экологиялық проблемаларын шешу бойынша Жол картасын әзірледі. Онда 485 іс-шара көзделген. Барлық жол картасы жұртшылықпен, әкімдіктермен және пайдаланушылармен талқылау кезеңдерінен өтті. Бүгінгі таңда іс-шаралардың 158-і аяқталды", - деді А. Абдуалиев.

Сонымен қатар ол экологиялық жағдайы алаңдатып отырған 8 қалаға қатысты қабылданатын шаралар туралы айтып берді.

Абдуалиевтің сөзінше, Астана қаласы бойынша атмосфералық ауаның нақты шығарындыларының көлемі 2022 жылы 54 мың тоннаны құраған. Оның ішінде 89 пайызы ЖЭО мен қазандықтардың үлесіне тиесілі болса, 11 пайызы - өндіріс объектілерінің үлесінде.

Сондай-ақ спикер ластаушы заттардың шоғырлануы негізінен жылыту кезеңінде арта түсетінін айтты. Жол картасының іс-шараларын орындау шеңберінде қаладағы ЖЭО-1 және ЖЭО-2 су жылыту қазандықтары табиғи газға ауыстырылған. Жеке секторды газдандыру бойынша бірінші кезектегі жұмыстар орындалған.

"Алматы қаласы бойынша 2022 жылы 1-санаттағы кәсіпорындардан атмосфералық ауаға шығарындылардың жалпы көлемі 37 мың тоннаны құраған. Оның 97 пайызы жылу энергетикасының үлесіне тиесілі, 3 пайызы өнеркәсіп кәсіпорындарының үлесінде. Сол себепті энергетика субъектілерінің шығарындыларын азайту үшін газ трубиналарын салу арқылы барлық жылу энергетика орталығын газға ауыстыру туралы шешім қабылданған. Бұл ЖЭО-2 шығарындыларын 93 пайызға, ЖЭО-3 шығарындыларын 88 пайызға қысқартуға мүмкіндік береді", - деді Абдуалиев.

Бұдан бөлек атмосфералық ауаны жақсарту мақсатында Алматы қаласының әкімдігі электр және газбен жүретін қоғамдық көлікті сатып ала бастаған. Жанар-жағармай құю станцияларының отын сапасын бақылаудың К-4 және К-5 экологиялық сыныптарына сәйкестігі күшейтілді. Ол үшін техникалық реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.

"Автокөліктерді техникалық байқау станцияларына қатысты тиісті заңнамаға түзетулер дайындалды. Қалаға кіру және шығу тұстарында "Сергек" жүйесінің 21 бекеті орнатылып, 19 экопост пайдалануға берілді. Шығарындыларды тіркеп, деректерді Алматы қалалық полиция департаментіне беру үшін "Сергек" жүйесімен кіріктіру жүзеге асырылды", - деп жазылған орталық коммуникациялар қызметі сайтында.

Сонымен қатар спикер Ақтөбе қаласындағы экологиялық ахуалды жақсарту үшін жаңа кәріз тазарту құрылғыларын орнату жоспарланып отырғанын айтты. Ал Өскемен қаласында күкірт диоксиді шығарындыларын 2,2 мың тоннаға төмендету үшін "Қазмырыш" ЖШС Өскемен металлургия кешенінде күкіртті газды алдын ала тазарту бойынша 4 қосымша қондырғыны салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016700-ekologtar-qazaqstanda-auasy-airyqsa-lastangan-segiz-qalany-atady/

pixel