jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Жұмада елдегі ірі қалалардың бірінде қар аралас жаңбыр жауып, қатты жел соғуы мүмкін

Қар аралас жаңбыр
Қар аралас жаңбыр. Көрнекі фото: Рexels.com

Бүгін, 14 сәуірде Астанада қар жаууы мүмкін. Бұл ретте Алматы мен Шымкентте күн айтарлықтай жылы болады. Мұндай ақпарат "Қазгидромет" РМК ресми сайтында берілген.

Астанада синоптиктердің болжамы бойынша қар аралас жаңбыр жаууы мүмкін. Бірақ елордада күндіз +5...+7 градус жылы болса, түнде -5...-7 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, күндіз екпіні 17-22 м/с болуы мүмкін.

Алматыда бүгін күн ашық болады, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз термометрлер +26...+28 градусты көрсетсе, түнде +13...+15 градусқа дейін төмендейді. Оңтүстік астанада желдің жылдамдығы 3-8 м/с.

Жұмада Шымкентте күн ашық, күндіз +31...+33 градус ыстық болады деп күтілуде. Бұл ретте түнде сынап бағанасы +13...+15 градусқа дейін төмендейді. Сонымен қата қалада желдің жылдамдығы 8-13 м/с, екпіні 15-20 м/с жетеді деп болжануда.

Жұмада елдегі ірі қалалардың бірінде қар аралас жаңбыр жауып, қатты жел соғуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.