Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасын асырап, қарыздан құтылғысы келді": Оңтүстік Кореяда қамалған қазақ баласының әкесі сұхбат берді

Опубликовано:

Кореяда ұсталған қазақстандықтың әкесі сұхбат беруде
Кореяда ұсталған қазақстандықтың әкесі. Скриншот: "Түркістан" арнасы

27 наурыз күні Оңтүстік Кореядан Қазақстанға депортацияланбақ болған екі қазақстандық азамат әуежайдан қашып кеткен болатын. Тәртіп сақшылары оларды үш күннен соң қолға түсірді. Ал қамалған қазақстандықтың әкесі алғаш рет сұхбат берді, деп хабарлайды "Түркістан" арнасы.

Кореяда ұсталған қазақстандықтың әкесінің айтуынша, ол бар болғаны отбасын асырап, жақындарына қол ұшын бермек болған.

"Ұлым - ата-әжесінің баласы. Бүгінде әке-шешем сырқаттанып жатыр. Оларға бұл хабарды ауырсынып қалар деп, айтпадық. Қасындағы баланың да жағдайы жақсы емес, әке-шешесі ауырып, мүгедек болып қалған екен. Ол да өтіп кетсем, жұмыс істесем деп үміттеніп барды ғой. Олар да ниеттеніп, жұмыс істеп, әке-шешемді бақсам деп армандаған шығар. Жұрт қатарлы жұмыс істеп, қарыздан құтылам деп ойлады ғой",- дейді қазақстандықтың әкесі.

Еске сала кетейік, Оңтүстік Кореяда ұсталған қазақстандықтарға қатысты Сыртқы істер министрлігі ресми түсінік беріп, аталған істі Корея тарапы құпия ұстап отырғанын мәлімдеген болатын.

"Тергеу мүддесі үшін Оңтүстік Кореяның құзырлы органдары істің егжей-тегжейін ашпай отыр. Аталған азаматтарға Корея Республикасының заңын бұзғаны үшін айып тағылады. Қазақстан елшілігі жергілікті құқық қорғау органдарымен және ұсталғандардың туыстарымен байланысты", - деді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Бейресми мәлімет бойынша, Кореяда ұсталған қазақстандықтар төрт жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016763-otbasyn-asyrap-qaryzdan-qutylgysy-keldi-ontustik-koreyada-qamalgan-qazaq-balasynyn-akesi-suxbat-berdi/

pixel