jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Гүлмира Ерубаева
Гүлмира Ерубаева
Контент-ресечер

Бүгін ел аумағында қатты жаңбыр, қар, бұршақ және көктайғақ күтілуде

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 15 сәуір, сенбіде ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметінше, ел аумағында әлі де жауын-шашын (жаңбыр, қар) сақталады.

Мәселен, бүгін Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында қар, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады.

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта, шығыста көктайғақ, солтүстікте, солтүстік-батыста бұрқасын, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, оңтүстік-батыста шаңды дауыл, найзағай, бұршақ күтіледі.

Павлодар облысының оңтүстігінде, батысында, түнде Ақмола, Қостанай облыстарының батысында, шығысында қатты қар жауады.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында, Жетісу облысының орталығында, таулы аудандарында, таңертең және күндіз Түркістан облысының таулы аудандарында, түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, таңертең және күндіз Жамбыл облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жаңбыр жауады.

Ақтөбе облысының солтүстігінде, орталығында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, түнде Атырау облысының оңтүстігінде, күндіз Абай облысының шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі.

Бүгін ел аумағында қатты жаңбыр, қар, бұршақ және көктайғақ күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.