jitsu gif branding logo appbranding logo app

Көктайғақ, жел, тұман: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

жауын
Көрнекі фото: pexels.com

16 сәуірде Астанада және Қазақстанның бірқатар облысында қолайсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, өңірлерде көктайғақ, тұман, қатты жел күтілмек. Ақпарат Қазгидрометтің ресми сайтында жарияланған.

Синоптиктердің мәліметінше, жексенбі, 16 сәуірде Астана қаласында, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында жел болады.

Ал Жетісу облысында найзағай мен бұршақ күтіліп отыр.

Сонымен қатар Қарағанды мен Қызылорда өңірінде найзағай жарқылдауы мүмкін.

Бұдан бөлек ауа райын болжаушылар Ақмола, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында көктайғақ болатынын және төрт өңірді тұман түсетінін ескертті. Олар: Батыс Қазақстан, Қостанай, Ақмола және Павлодар.

Көктайғақ, жел, тұман: Синоптиктер еліміздің бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.