jitsu gif branding logo appbranding logo app

Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалып кеткен әйел табылды (фото)

орман
Көрнекі фото: pexels.com

Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалып кеткен әйел табылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Министрлік мәліметінше, 15 сәуірде сағат 20.30-да Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Балқаш ауданы Тасмұрын асуы маңындағы Малайсары ауылының маңында 1962 жылғы әйелдің жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен.

Ол таулы аймаққа күндіз туыстарымен бірге саңырауқұлақ теруге келген. Сағат 20.00-де әйел көлікке оралмаған. Әйелдің жақындары осыдан кейін бірден құтқарушыларға қоңырау шалған.

Белгілі болғандай, іздестіру-құтқару жұмысына ТЖ департаментінен 10 қызметкер мен 2 техника, Республикалық-жедел-құтқару жасағынан 12 құтқарушы, 2 техника және 1 кинологиялық есеп, Полиция департаментінен 8 қызметкер мен 3 техника жұмылдырылды.

Нәтижесінде 16 сәуір күні 06.50-де іздестіру тобы жоғалған адамды тапқан.

"Оған медициналық көмек қажет емес еді. Әйел адам құтқарушыларға уақытылы көрсеткен көмегі үшін зор алғысын білдірді", - делінген хабарламада.

тауда адасып қалған әйел
Фото: Төтенше жағдайлар министрлігі

Алматы облысында саңырауқұлақ теруге шығып, жоғалып кеткен әйел табылды (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.