Зектілері

Жөргектегі баласын арқасына салып, шаш қиып жүрген шаштараз әйелдің видеосы елді елжіретті

Жарияланған күні:

сұлулық салоны
Видеодан кадр: Instagram/dudaray

Әлеуметтік желіде жөргектегі баласын арқасына салып, шаш қиып жүрген шаштараз әйелдің видеосы тарап, көпшіліктің талқысына түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі dudaray тобында жарияланды.

Кадрдан сұлулық салонында жөргектегі баласын арқасына салып, шаш қиып жатқан әйелді аңғару қиын емес.

Роликтің мәтінінде "Әйелдің қырық жаны бар деген рас. Баласын арқасына салып жұмыс жасауда", деп жазылған.

Бұны көрген желі оқырмандары сұлулық салонында жұмыс істейтін әйелді мақтай жөнелді.

"Алла күш қуат берсін. Балапандары аман болсын", "Анасымен жұмысқа барған баладан айналдым", "Алтын басыңыз аман болсын", "Әйел деген мықты, төзімді болады. Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді, деген рас екен", "Осы баласының рахатын көрсін", деді олар.

Арасында балаға жаны ашып, ең құрығанда аузына шаш кірмес үшін маска кигізіп қою керек дегендер болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016944-zorgektegi-balasyn-arqasyna-salyp-sas-qiyp-zurgen-sastaraz-aieldin-videosy-eldi-elziretti-video/