jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Астанаға жауған қалың қарды тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр (фото, видео)

қар
Қар тазалау жұмысы. Фото: Астана қаласының әкімдігі

16 сәуірге қараған түні коммуналдық қызметтер Астана қаласынан 24 мың текше метрден астам қар шығарды. Қалың жауған қарға байланысты коммуналдық қызметтері тәулік бойы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

16 сәуір күні таңертең елордада қар күреу жұмысына 2,2 мыңнан астам жол жұмысшы мен мыңға жуық арнайы техника жұмылдырылды.

"Ең алдымен, ережеге сәйкес, жолдарда кептеліс болмас үшін қарқыны жоғары көшелер тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқынды учаскелер – алаңдар, вокзал маңы аумақтары, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және тағы басқасы қардан тазартылады", - делінген хабарламада.

Әкімдік мәліметінше, 16 сәуірге қараған түні қаладан полигондарға 24 мың текше метрден астам қар немесе 2 134 ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылған.

камаз
Фото: Астана қаласының әкімдігі

Қыс мезгілінің басынан бері коммуналдық қызметтер қаладан 315 мыңға жуық жүк көлігін шығарды, бұл шамамен 4 млн текше метр.

қар тазалау
Қар тазалау жұмысы. Фото: Астана қаласының әкімдігі

"Қаланың коммуналдық қызметтері күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда, кешкі және түнгі уақыттарда күшейтілген тәртіпте жүріп жатыр", - делінген хабарламада.

Астанаға жауған қалың қарды тазалау жұмыстары қалай жүріп жатыр (фото, видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.