Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Балаларына керек емеспін деп ойлаған": ресейлік әйел әкесін 25 жылдан кейін Қостанай облысынан тапты (видео)

Жарияланған күні:

Нина мен әкесі
Нина мен әкесі. Фото: poisk_region_10/

Ресейде тұратын Нина есімді келіншек әкесін ширек ғасырдан кейін Қостанай облысынан тапты. Оған әкесін табуға қостанайлық еріктілер көмектескен. Бұл туралы 10-аймақ іздеу тобы Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Еріктілер тобының хабарлауынша, Нина есімді мәскеулік тұрғын талай жылдан бері әкесін іздеген. Бірақ іздеу нәтижесіз болған соң, ол қостанайлық еріктілердің көмегіне жүгінген.

"Әкесі балаларына керек емеспін деп ойлап, туыстарына кедергі болғысы келмеген. Алексей ажырасқан соң балалары әйелімен Мәскеуде қалған. Ал өзі Қазақстанда тұратын ағасына келіп, осы жақта қалып қойған. Әрі құжаттары болмағандықтан, туған жеріне кете алмаған", - деп жазды еріктілер.

Еріктілердің мәліметінше, Алексей қызын іздеп, "Однаклассники" желісінде оған жазған екен. Алайда Нина парақшасының құпия сөзін ұмытып қалғандықтан әкесінің хатын көрмеген.

Іздеу жұмыстары қиынға соғатынын біле тұра еріктілер бұл істі қолға алғанын атап өтті. Әлеуметтік желіде хабарламалар жариялаған соң белгісіз біреу қоңырау шалып, іздеп жүрген адамның, яғни Алексейдің көршісі екенін айтқан.

Осылайша, еріктілер Қостанайдан 100 километр жерге келіп Нинаның әкесін тапқан.

"Керек үйді тез таптық. Расымен, ол біз іздеген Алексей екен. Басында ол өзін кім іздеп жатқанын түсінбеді. Ал біз тосынсый жасап, қызына бейнеқоңырау шалдық. Қуаныштан көзімізге жас алдық. Әкесі қызын жұбатты. Олардың көзіндегі қуанышты сөзбен жеткізу мүмкін емес", – дейді еріктілер.

Еріктілер тобының ақпаратынша, жақында Нина әкесіне келіп, 25 жылдан кейінгі кездесу болған. Ал туған күнінде Алексей ұзақ күткен құжаттарын да алған. Алексей енді Қазақстан азаматы, емін-еркін қызына бара алады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2016987-balalaryna-kerek-emespin-dep-oilagan-reseilik-aiel-akesin-25-zyldan-keiin-qostanai-oblysynan-tapty-video/