Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қалың қар, жаңбыр, көктайғақ: алдағы күндері Қазақстанда күн суытуы мүмкін

Опубликовано:

жол
Тас жол. Көрнекі фото: Pixabay.com

"Қазгидромет" РМК мамандары алдағы үш күн, 18-20 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер республика аумағында жел күшейіп, көктайғақ болатынын айтады.

Мамандардың айтуынша, атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Яғни, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Синоптиктер 18 сәуір күні шығыста қалың қар жауатынын, ал 18-19 сәуір күндері еліміздің оңтүстік-шығысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын болатынын айтады.

Скандинавия аудандарынан солтүстік-батыс антициклонының енуіне байланысты 18-20 сәуір күндері еліміздің солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде ауа температурасы -7...-15 градус аязға дейін төмендейді деп күтіледі.

Ал батыста, оңтүстік-батыста, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста түнгі уақытта аяз сақталады, ал күндіз температурасы біртіндеп жоғарылай бастайды.

Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл мен найзағай, солтүстік, солтүстік-батыс, орталық және шығыста көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017062-qalyn-qar-zanbyr-koktaigaq-aldagy-kunderi-qazaqstanda-kun-suytuy-mumkin/