jitsu gif

"Құдалыққа ұқсас": Жүк көлігінде ауызашар жасаған тұрғындар жұрттың талқысына түсті

апалар дастархан басында
Видеодан кадр: Instagram/dudaray

Әлеуметтік желіде жүк көлігінің жүк салғышында ауызашар жасаған тұрғындардың видеосы тарады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы видео Instagram желісіндегі dudaray тобында жарияланды.

Кадрдан көпқабатты үйдің тұрғындарының жүк көлігінде ауызашар жасағанын байқауға болады. Роликте олардың бұндай қадамға жаңбыр жауып кетеді деп ойлағандықтан барғанын аңғару қиын емес.

"Фураның ішінде ерекше ауышашар берді", - делінген видео мәтінінде.

Бұны көрген желі оқырмандары пікірлерін жарыса жазып, ниеттерінің қабыл болуын тіледі.

"Келесі ауызашарларың ұшақтың ішінде болсын", "Расында ерекше ауызашар болыпты", "Қандай керемет", "Бәрі тамаша", "Ұйымшыл орта екен", "Алла ниеттерін қабыл етсін", "Жақсы идея екен. Жел болмайды. Жаңбыр жауса да еш қорқыныш жоқ", - деді олар.

Сонымен қатар пікір білдіргендердің арасында тұрғындардың ауызашар кезінде ән айтқанына қарсы шыққандар болды.

"Ауызашарда ән айтқан дұрыс емес. Діни әңгімелер айтылуы керек", "Ауызашар емес, той болыпты ғой", "Құдалыққа ұқсап кетіпті", "Әннің орнына жарапазан айтса, керемет болар еді", - деді желі оқырмандары.

"Құдалыққа ұқсас": Жүк көлігінде ауызашар жасаған тұрғындар жұрттың талқысына түсті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.