Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қар жауып, Астанада боран соғады: бүгін елдің ірі қалаларында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

Қар басқан көше
Қар. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Петр Карандашов

Сейсенбі, 18 сәуірде ауа райының қолайсыздығына байланысты Алматы мен Астанада дауылдық ескерту жарияланды, ал Шымкентте күн ашық болады деп күтілуде, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Синоптиктер бүгін Алматыда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын мен тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжады. Күндіз термометр +6-+8 градусты көрсетеді, түнде мегаполисте -1...-3 градусқа дейін суық болады деп күтілуде. Желдің жылдамдығы секундына 1-3 метр болады.

Сейсенбі Астанада тағы да қар жауады, Түстен кейін баяу бұрқасын, жолдарда көктайғақ пентұман күтіледі. Ауа температурасы күндіз 0-ден плюс 2 градусқа дейін жылыса, түнде минус -1...-3 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Екі қалада да дауылдық ескерту жарияланды.

Ал, синоптиктер Шымкентте 18 сәуір күн ашық, жауын-шашынсыз болады деп болжап отыр. Үшінші мегаполисте күндіз ауа температурасы +13-+15 градусқа дейін көтерілсе, түнде +1-+3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с болады деп күтілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017157-almatyda-qar-zauyp-astanada-boran-sogady-bugin-eldin-iri-qalalarynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel