Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көктемнің ортасында қар жауды

Опубликовано:

Алматыдағы парктердің бірінде жауған қар
Алматыдағы парктердің бірінде жауған қар. Фото: Facebook / Almaz Sharman

Бүгін, 18 сәуір күні Алматыда қар жауды. Азаматтар әлеуметтік желіде көктем мезгіліндегі ерекше құбылысты түсіріп, алматылықтарды жылы киінуге шақырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Алматыда таңертең мегаполис тұрғындары қар жауғанын бейнежазбаға түсіріп, әлеуметтік желілерде бөліскен.

Алматыдағы парктердің бірінде жауған қар
Алматыдағы парктердің бірінде жауған қар. Фото: Facebook / Almaz Sharman

Тұрғындар қар қаланың жоғарғы бөлігінде, тауға жақын жерлерде көбірек жауғанын айтты.

Кей азаматтар "Алматыдағы қар астаналықтардың қызғанышынан жауған" деп әзілдеуде. Өйткені, өткен демалыс күндері елорда қар астында қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Алматыдағы жауған қар
Алматыдағы жауған қар. Фото: Facebook / Yevgeniy Tikhonov

"Біздің үкімет қайда қарап отыр! Әкімдік не істеп жатыр? Сәуірдің қақ ортасында Алматыда қар жауғаны қалай?", - деп әзілдейді қала тұрғындары.

Еске сала кетейік, "Қазгидромет" РМК мәліметі бойынша, бүгін Алматыда жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз термометрлер 6-8 градусты көрсетеді, түнде -1...-3 градусқа дейін аяз болады деп болжануда. Желдің жылдамдығы секундына 1-3 метрге жетуі ықтимал.

Gismeteo қызметінің хабарлауынша, ертең Алматыда жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы +11 градусқа дейін жылынады деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017227-almatyda-koktemnin-ortasynda-qar-zaudy-foto-video/

pixel