Зектілері

Үсік, қарлы боран, көктайғақ: бүгін Қазақстанда ауа райы қандай болады

Жарияланған күні:

мұз қатқан ағаш
Мұз қатқан ағаш. Көрнекі фото: pixabay.com

Синоптиктер 19 сәуір, сәрсенбіде ел аумағында және Қазақстанның ірі қалалары Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін республиканың солтүстігінде, шығысында, оңтүстік-шығысында, орталығында ауа райы құбылмалы болады.

Кей жерлерде, жауын-шашын (жаңбыр, қар түрінде) түссе, еліміздің солтүстігінде – қарлы боран соғады.

Тек республиканың батысында, оңтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы, сондай-ақ республика бойынша желдің күшеюі, тұман, солтүстікте, шығыста, орталықта – көктайғақ, оңтүстік-батыста – шаңды дауыл күтіледі.

Түнде Жетісу облысында 2-7 градусқа дейін, Алматы, Жамбыл облыстарында 1-6 градусқа дейін, Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында, Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетінде 2-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматы қаласында жауын-шашын күтілмейді. Ауа температурасы күндіз +10...+12 градусқа дейін көтерілсе, түнде -1...-3 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамағы 0-5 м/с.

Астанада да сәрсенбіде жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы 0-ден + 2 градусқа дейін көтерілсе, түнде -3...-5 градусқа дейін суық болады. Күндіз желдің жылдамдығы 3-8 м/с болса, түнде 9-14 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Сонымен қатар бүгін елордада тұман мен көктайғаққа байланысты тағы да дауылдық ескерту жарияланып отыр.

Шымкентте де бүгін жауын-шашын жаумайды. Десе де, күн көшпелі бұлтты болады. Күндіз +17...+19 градус жылы болса, түнде ауа температурасы +1...+3 градусқа дейін төмендейді. Бұдан бөлек, түнде 2 градусқа дейін топырақ бетінде үсік жүруі ықтимал. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017316-14-gradusqa-deiin-ayaz-usik-qarly-boran-bugin-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolady/