"Әр ұшқыштың арманы – командир болу": әлемдегі ең алып ұшақты басқаратын қазақ жігіті жайлы не білеміз
Жарияланған күні:

Әлемдегі ең алып ұшақты басқаратын ұшқыштардың бірі – 29 жастағы қазақ жігіті Біржан Талғатбекұлы. Ол 600 жолаушыға шақталған әуе кемесіндегі екінші ұшқыш, деп хабарлайды Qazaqstan телеарнасы.
Біржан Талғатбекұлы Алматыдағы азаматтық авиация академиясын бітірген. Ол әке жолын қуып, ұшқыш мамандығын таңдаған. Әкесі Талғатбек Кәмісханұлы да ұшқыш болған, бүгінде зейнеткер.
Біржан отандық әуе компанияда 7 жыл еңбек еткен. Кейін 2019 жылы Біріккен Араб Әмірліктеріне құжат тапсырып, шақырту алған. Үш күн сынақтан өтіп, бірден жұмысқа қабылданған. Бүгінде ол әлемдегі ең үлкен Airbus 380 әуе кемесінің екінші ұшқышы.
"Қазақстанда жинаған тәжірибе осы жақта өте маңызды болды. Интервьюға барған кезде айттым, менде әр түрлі тәжірибе бар. Тауда да, ыстық пен суықта да ұшуға тәжірибе бар дедім. Сол қатты ұнаған болуы керек оларға. Мен сәтті өттім.
Әр ұшқыштың арманы – командир болу. Өзімде де сондай арман бар. Алла қаласа, екі-үш жылда командир боламын деп үміттенемін", – дейді Біржан Талғатбекұлы.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017328-ar-usqystyn-armany-komandir-bolu-alemdegi-en-alyp-usaqty-basqaratyn-qazaq-zigiti-zaily-ne-bilemiz/