jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Найзағай, қар, көктайғақ: алдағы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болуы мүмкін

Қолшатыр ұстаған қыз бен жігіт
Жаңбырлы күн. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер 20-22 сәуір аралығында Қазақстан бойынша ауа райы тұрақсыз болады деп болжап отыр. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК ресми сайтында хабарлады.

Метеорологтардың мәліметінше, алдағы үш күнде батыста және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында ауа райы құбылмалы болуы ықтимал.

Сонымен қатар 21-22 сәуірде солтүстік пен шығыста, еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ал солтүстік, шығыс және оңтүстік-шығыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр мен қар түрінде), көктайғақ болады деп болжануда.

Синоптиктер республиканың қалған аймақтарында солтүстік-батыс антициклоны әсерінен күн ашық әрі жауын-шашынсыз болады деп болжайды.

Бұдан бөлек, Қазақстан бойынша тұман, желдің күшеюі, оңтүстік аймақтарда шаңды дауыл күтіледі.

Найзағай, қар, көктайғақ: алдағы күндері Қазақстанда ауа райы құбылмалы болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.