Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бойы 2,18 метр, салмағы 150 келі болатын атыраулық Қазақстанның рекордтар кітабына енді (видео)

Опубликовано:

Парасат Нұрғалиев
Парасат Нұрғалиев. Фото: Ақжайық басылымы

Осыдан жарты жыл бұрын желіде Атырау облысында бойы ұзын, алып адам өмір сүреді деген ақпарат тарады. Енді Қазақстан рекордтар кітабының астанадағы ресми өкілі ұзын бойлы жігіттің өлшемдерін алып, "КИНЭС" рекордтар кітабына ресми түрде тіркеді, деп хабарлайды "Таңшолпан" бағдарламасында.

Бағдарлама жүргізушілерінің хабарлауынша, еліміздегі ең ұзын жігіт Парасат Нұрғалиевті Атырау облысы Индер ауданы Құрылыс ауылынан студияға қонаққа шақырған.

Сонымен қатар студияға "КИНЭС"-тің Астана қаласы бойынша ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов келіп, Парасаттың өлшемдерін алды. Нәтижесінде атыраулық жігіттің салмағы - 150 келі, аяғының өлшемі - 56 сантиметр болған.

Қуандық Құдайбергеновтің сөзінше, Парасат Нұрғалив еліміздегі ең алып адам ретінде рекордатр кітабына тіркеледі.

"Осыдан 5-6 жыл бұрын бойы 2 метр 13 сантиметр болған астаналық жігітті тіркеген едік. Оның аяқ өлшемі де, салмағы да аздау болды. Редакторлар алқасына Алматыға хабар беремін. 2 метр 18 сантиметр деп біз тіркейміз. Қазақстанда бұл жігіттен үлкен жігіт жоқ. Бұл - тарихи сәт. Бұл - факт", - деді "КИНЭС"-тің Астана қаласы бойынша ресми өкілі Қуандық Құдайбергенов.

Құдайбергеновтың сөзінше, бұл азаматқа алдағы уақытта арнайы сертификат табыс етіледі.

Алып жігіт бағдарлама жүргізушісімен
Алып жігіт бағдарлама жүргізушісімен. Фото: instagram.com/tansholpan_tv/

Сұқбат барысында Парасат Нұрғалиев әпке-ағаларының арасында да өзінің ең ұзын бойлы екенін айтты. Атыраулық алып жігіт алдағы уақытта киноға түсіп, батырлар образын сомдағысы келетінін де жеткізді.

Айта кетейік, осыған дейін өзгелерден дене бітімі ерекше, алып тұлғалы Парасат Нұрғалиев туралы жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017514-boiy-218-metr-salmagy-150-kelini-quraityn-atyraulyq-qazaqstannyn-rekordtar-kitabyna-endi/

pixel