jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұр Еркін
Нұр Еркін
Бұрынғы қызметкер

"9 отбасы": Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккендер үйлі болды

Жаңаөзендегі газ жарылысынан кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары
Жаңаөзендегі газ жарылысынан кейінгі іздестіру-құтқару жұмыстары. Фото: t.me/mangystau_press

Жақында Жаңаөзендегі тұрғын үйдегі жарылыстан зардап шеккен отбасыларға пәтер сатып алынды, деп хабарлайды "ҚазМұнайГаз" компаниясының ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Жаңаөзен қаласына жұмыс сапары кезінде "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев биыл 17 сәуірде көпқабатты тұрғын үйдегі жарылыс салдарынан көз жұмған жандардың отбасына барып, өзінің және компания атынан көңіл айтты.

"Бұл өте ауыр жағдай. Сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз, мықты болыңыздар. Бастарыңызға сынақ түскен кезде біз шет қалмай, президенттің тікелей тапсырмасымен баспанасыз қалған отбасыларға пәтер алып бердік. Осындай сын сағатта сіздер үшін қолымыздан келгенді жасап жатырмыз", — деді ҚМГ басшысы көз жұмған тұрғындардың туыстарына.

"ҚазМұнайГаз" компаниясының мәліметінше, төтенше жағдай салдарынан баспанасыз қалған 9 отбасыға жанұядағы адам санына байланысты екі бөлмелі - 2 пәтер, үш бөлмелі - 5 және бес бөлмелі - 2 пәтер сатып алынған.

Естеріңізге сала кетейік, 17 сәуір күні Жаңаөзен қаласындағы екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйде газ жарылып, адамдар зардап шекті. Таңғы сағат 04:05-те Жаңаөзен қаласында 12-пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйдің екінші кіреберісінде жарылыс болған. Болжам бойынша газ қоспасы төгілген. Жарылыс салдарынан 150 шаршы метр аумаққа зиян келген.

Сағат 10:45 жағдай бойынша 13 адам медициналық көмекке жүгінген. Оның ішінде 8 бала бар. Зардап шеккен 6 адам ауруханаға жатқызылса, 7 азамат үйіне жіберілген.

Сондай-ақ газ жарылысы салдарынан 4 адам қайтыс болған.

Жарылыс кезінде алдын ала мәлімет бойынша 3 пәтерге зиян келген. Апаттан кейін үй газ желісінен бірден ажыратылған.

Сонымен қатар өңір басшысы Нұрлан Ноғаев жарылыс дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

"9 отбасы": Жаңаөзенде жарылыстан зардап шеккендер үйлі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.