Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

23 градусқа дейін жылы: жұмада елімізде ауа райы қандай болады

Опубликовано:

бүршік атқан тал
Бүршік атқан тал. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер жұма, 21 сәуірде ел аумағы мен Қазақстанның ірі қалалары – Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның солтүстігі, орталығы және оңтүстік-шығысы әлі де ауқымды антициклонның ықпалында болғандықтан, бүгін бұл өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Ал республиканың батысында, солтүстік-батысында, қиыр шығысында жаңбыр, қиыр солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түсуі ықтимал.

Сондай-ақ бүгін республика бойынша желдің күшеюі, еліміздің солтүстік жартысында тұман, оңтүстігінде, оңтүстік-батысында және батысында шаңды дауыл, түнде және таңертең солтүстігінде көктайғақ, күндіз солтүстік-батыста және оңтүстік-батыста найзағай күтіледі.

Бұдан бөлек, түнде Жетісу облысының басым бөлігінде 1-6 градусқа дейін, Жамбыл облысының таулы аудандарында 1-3 градусқа дейін, Алматы облысында топырақ бетінде 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін Алматы қаласында жауын-шашын жаумайды. Алайда күн көшпелі бұлтты болады. Күндіз +14...+16 градусқа дейін жылы болса, түнде +2...+4 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 0-5 м/с.

Астанада да жұмада жауын-шашын күтілмейді. Күндіз +6...+8 градусқа дейін жылы болса, түнде -3...-5 градусқа дейін суытады. Желдің жылдамдығы 1-6 м/с.

Ал Шымкентте бүгін күндіз +21...+23 градусқа дейін жылы болады деп күтілуде. Түнде ауа температурасы +8...+10 градусқа дейін төмендейді. Күндіз үшінші мегаполисте жауын-шашын күтілмейді. Желдің жылдамдығы 5-10 м/с.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017650-23-gradusqa-deiin-zyly-zumada-elimizde-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel