jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
18+
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Риддер қаласының әкімі өмірден өтті

Дмитрий Горьков
Дмитрий Горьков. Фото: gov.kz

Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьков қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Бүгін қаламыздың әкімі Дмитрий Анатольевич Горьков дүниеден өтті. Ол небәрі 39 жаста болатын. Анатольевичтің отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтамыз", – деп жазды Риддерский қалалық порталы.

YK-news.kz-тің хабарлауынша, Дмитрий Горьковтің өмірден өткенін қалалық әкімдік растаған.

Қалалық әкімдіктің ресми сайтындағы мәліметке сүйенсек, Дмитрий Горьков 1983 жылы 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха қаласында дүниеге келген.

2005 жылы Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін заңгер мамандығы бойынша, 2007 жылы Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2007 жылы Шемонаиха қаласындағы қаржы полициясы органдарынан бастап, ол жерде 2014 жылдың қараша айына дейін қызмет еткен.

2015-2020 жылдары Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болған.

2020 жылдың қыркүйек айынан бүгінге дейін Риддер қаласының әкімі қызметін атқарған.

Риддер қаласының әкімі өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.