jitsu gif

Алдағы демалыс күндері Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Көшедегі қолшатыр ұстаған адамдар
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы демалыс күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Метеорологтардың мәліметінше, 22-24 сәуір аралығында Қазақстанның басым бөлігіне Қара теңіз аудандарынан жылжыған кезекті циклон әсер етеді.

Ол батыстан шығысқа қарай жылжиды. Соған байланысты еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен жаңбыр түрінде) жауады деп күтілуде.

Сонымен қатар республика бойынша тұман болып, жел күшеюі мүмкін.

Бұдан бөлек, сипоптиктер оңтүстік өңірлерде найзағай ойнап, шаңды дауыл тұрады деп болжап отыр.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.