jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда балаларға арналған SIM-карта енгізу ұсынылды

Телефон ұстаған жасөспірім.
Телефон ұстаған жасөспірім. Көрнекі сурет: pixabay.com

Мәжіліс кулуарында Оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан балалардың интернеттегі қауіпсіздігі үшін Қазақстанда балалар SIM-картасын енгізу жоспары туралы айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Балаларға арналған жеке SIM-карта керек. Сол себепті балаларға арналған SIM-карта енгізуді ұсынып отырмыз. Ол ата-аналардың бақылауында болады. Бала сол SIM-карта арқылы интернетке қосылса, міндетті түрде ата-аналардың рұқсаты сұралады", - деді вице-министр.

Еділ Оспанның сөзінше, министрлік осындай жүйені енгізуді ұсынып отыр. Сонымен қатар техникалық мүмкіндіктерді зерттей келе, мұны дұрыс және өзекті деп санайтынын жеткізді.

"Бұл баланың интернетте қандай сайтқа кіргенін, қандай әлеуметтік желіде отырғанын бақылауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ карта арқылы баланың интернетке кіретін уақытын шектеуге де болады", - деді вице-министр Еділ Оспан.

Қазақстанда балаларға арналған SIM-карта енгізу ұсынылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.