jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Қарағанды базарында домбыра шерткен ер адамның өнеріне көпшілік тамсанды (видео)

Домбыра тартып отырған ер адам
Базарда домбыра тартып отырған ер адам. Көрнекі сурет: instagram.com/dauletten

Әлеуметтік желілерде Қарағандыдағы базарлардың бірінде арбаның үстінде отырып домбыра шерткен ер адамның видеосы тарады. Көпшілікті тәнті еткен видео kyn.kz Instagram парақшасында жарияланды.

Желіде тараған видеода ер кісі адамдар еңбек етіп жатқан базардың ортасында жүк арбасының үстінде отырып қазақтың күйлерін тартқан. Тәнті болған тыңдаушылардың ер адамның қалтасына ақша салғанын да видеодан байқауға болады.

Домбыра тартқан адамның өнеріне сүйсінген оқырмандар да жылы лебіздерін арнаған. "Өнерін көріп, мәдениет орындарына жұмысқа алса екен" деген пікірлер де бар. Бірі бұл жігітті оркестрге алу керектігін айтты.

"Қанша қазақтың азаматтары өз елінде арба сүйреп күн көруде. Қандай талант! Қазағымның домбырасын аттың үстінде ойнағандай тартып отыр", - деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Қарағанды базарында домбыра шерткен ер адамның өнеріне көпшілік тамсанды (видео)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.