jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін елдегі мегаполистердің бірінде күн 29 градусқа дейін ысиды деп күтілуде

Бақта отырған екі қыз
Бақ. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін Алматы мен Шымкентте жауын-шашынсыз, ауа райы ыстық болады, ал Астанада жаңбыр жауады деп болжайды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Метеорологтардың мәліметі бойынша, бүгін Алматыда күн ашық, жауын-шашын болмайды. Күндіз термометр +23+25 ​​градусты көрсетсе, түнде сынап бағанасы +8+10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы секундына 3 метрден 8 метрге дейін жетеді.

Дүйсенбі Астанада жаңбыр жауады деп күтілуде. Күндіз ауа температурсы +15+17 градусқа дейін жылы болса, ал түнде 0-2 градусқа дейін суытады. Сонымен қатар синоптиктер елордада 7-12 м/с жылдамдықпен жел соғып, жел екпіні 15-20 м/с дейін жетеді деп ескертеді. Осыған байланысты Астанада дауылдық ескерту жарияланды.

24 сәуір Шымкентте күндіз ауа температаурасы плюс +27+29 градусқа дейін ыстық болса, түнде ауа температурасы плюс 10-12 градусқа дейін төмендейді деп күтілуде. Үшінші мегаполисте бүгін жауын-шашын болмайды, желдің жылдамдығы 5-10 м/с дейін жетеді.

Бүгін елдегі мегаполистердің бірінде күн 29 градусқа дейін ысиды деп күтілуде

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.