Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үш жылда бір де бір қылмыс тіркелмеген": Елімізде ішімдіктен түбегейлі бас тартқан тағы бір ауыл туралы не білеміз

Опубликовано:

Сәкен Сейфуллин ауылы
Сәкен Сейфуллин ауылы. Видеодан кадр: youtube.com/@tv24kz

Ұлытау облысы Жаңарқа ауданы Сәкен Сейфуллин ауылында алкоголь өнімдері ішілмегендіктен, соңғы жылдары қылмыстық іс те тіркелмеген. Ішімдіктен бас тарту әлдекімнің қойған талабы емес, тұрғындардың өз қалауы болған, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Телеарна мәліметінше, ауылда ішімдік ішілмегендіктен, бұзақылық тыйылған. Соңғы 3 жылда Сәкен Сейфуллин округінде бірде-бір қылмыс тіркелмеген. Ауыл тұрғындарының айтуынша, алкогольден бас тарту ұсынысы жастар тарапынан болған.

"Жастарымыз өте белсенді. Алкогольдік ішімдікке қарсымыз бәріміз. Ауылдың тыныш өмір сүріп жатқаны - ауылда ішімдіктің жоқтығы", - дейді ауыл тұрғыны Нұрлан Орынбайұлы.

Аталған ауылдық округ құрамына шағын үш елдімекен кіреді. Мыңға тарта тұрғынға қызмет көрсететін учаскелік инспектор ауыл іші тыныш болғандықтан, көбіне аудан орталығында жұмыс істейтінін айтты.

"Бұл ауылда соңғы жылдары қылмыстық іс тіркелген жоқ. Ауыл жастары кәсіби мал шаруашылығымен және спортпен айналысады", - дейді учаскелік инспектор Сәкен Қартаев.

Телеарна ақпаратынша, ауылдағы төрт дүкенде ішімдік мүлде сатылмайды. "Есігіміз ашық жатады, бұл ауылда ұрлық та жоқ" дейді ауыл тұрғындары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017930-elimizde-tagy-bir-auyl-isimdikten-tubegeili-bas-tartqan/

pixel