Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтау әкімдігі 25 сәуірде тұрғындарды сабыр сақтауға шақырды

Жарияланған күні:

Дабыл
Көрнекі фото: Stephen Tjipto Hartono/Getty Images

25 сәуір, сейсенбі күні таңертең Ақтау қаласында маңызды ескертулерге арналған дауыс күшейткіш құралын тексерістен өткізбек. Осыған байланысты әкімшілік қала тұрғындары мен қонақтарынан сабырлық сақтауды сұрады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақтау қаласының әкімдігі маңызды ескертулерге арналған дауыс күшейткіш құралын тексеру кезінде "Назар аударыңыздар!" дыбыстық сигналы берілетінін және құрылғыны тексеру жұмыстары 25 сәуір күні сағат 10:00-де өтетінін хабарлады.

Осыған байланысты ведомство қала тұрғындары мен қонақтарынан сабыр сақтауын сұрады.

"Назар аударыңыздар!" ескерту сигналы - қауіп немесе төтенше жағдай кезінде халықтың назарын аудару үшін сиреналар немесе басқа да сигнал беру құралдары арқылы берілетін ескерту құрылғысы. Бұл туралы бейбіт және соғыс уақытындағы төтенше жағдайлар кезінде азаматтық қорғау жүйесінде және халық пен мемлекеттік органдарды ескерту жұмыстарын ұйымдастыру қағидасында көрсетілген. Тиісті құжат "Әділет" АКС сайтында жарияланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017943-aqtauda-erten-dabyl-zuiesi-iske-qosylady/