Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

6-сынып оқушыларының кітабына танысу сайтының сілтемесі берілген

Жарияланған күні:

Оқулықтар
Оқулықтар. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Мектеп оқулығында танысу сайтына сілтеме берілуіне қатысты Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық ғылыми-практикалық сараптама орталығының мамандары пікір білдірді. Бұл туралы орталық Instagram-дағы ресми парақшасында жариялады.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде алтыншы сынып оқушыларының оқулығында жарияланған сілтеме ересектердің ресейлік танысу сайтына апаратыны туралы видео пайда болған.

Орталықтағы мамандар оқулық мемлекеттік сараптамадан өтіп, 2017 жылы орыс тілінде оқытатын мектептерде пайдалануға рұқсат берілгенін айтты. Сондай-ақ олар оқулықты мектептерде қолданып келе жатқан 6 жыл ішінде оқушылар, мұғалімдер, ата-аналардан шағым түспегенін атап өтті.

"Жасуша әлеміне экскурсия" деген 33-бөліміндегі тапсырмада студентке жасуша органоидтарының қызметін анықтау үшін анықтамалық мәліметтер мен интернет ресурстарын пайдалану ұсынылады. Интернет-ресурстардың бірі ретінде biofile.ru сайты көрсетілген. Сараптама жүргізу кезінде осы сілтемеде "Биофайл" ғылыми-ақпараттық журналы веб-сайты болған.

Оқулықтардағы нақты веб-ресурстарды көрсету балалардың ақпаратты іздеу және талдау дағдыларын дамытуға ықпал етеді деп болжанған", - дейді оқу-ағарту министрлігіне қарайтын орталық мамандары.

Дегенмен, орталықтың тексеруі нәтижесінде сайт қазір жұмыс істемейтіні белгілі болды. Ал браузерлердің мекенжай жолағына сайт атауын тікелей теру күмәнді танысу сайттарына бағыттайды.

"Web.archive.org мұрағат қызметі арқылы жүргізілген талдау аталмыш сайттың 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқанын, соңғы жылдары оның белсенділігі күрт төмендегенін көрсеткен. 2023 жылдың 17 ақпаны мен 9 наурызында сайт әкімшісі оның атына жаңа URL мекенжайын тіркеп, ұсынылмайтын сайттарға бағыттаған.

Оқушылардың ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын ескере отырып, орталық құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдарға тиісті сұраныс жібереді. Сонымен қатар баспалармен бірлесіп, қолданыстағы қағаз және электронды оқулықтардағы веб-сайттарға сілтемелерге тексеріс жүргізіліп, мұғалімдер мен ата-аналарға тиісті нұсқау хаты ресімделеді", - делінген оқу-ағарту министрлігіне қарасты орталық мәліметінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2017965-mektep-bagdarlamasyndagy-6-synyp-oqulygynda-tanysu-saityna-arnalgan-silteme-berilgen/