jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

33 градус ыстық, жауын-шашын, тұман: елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Көшеде қолшатыр ұстаған ер адам
Жауын-шашын. Көрнекі сурет: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күнге, яғни 25-27 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Қазгидрометтің" мәліметінше, алдағы 3 күн еліміздің батысы мен оңтүстігінде, сондай-ақ солтүстік аймақтарда да жаңбыр күтіледі.

25-26 сәуірде Қазақстанның оңтүстік-шығысы пен шығыс өңірлерде түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр жауады.

Сонымен қатар метеорологтар 25-26 сәуірде республиканың оңтүстік-шығысында да қатты жауын-шашын болады деп болжады.

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің қалған бөлігінде батыс антициклонының әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы күтіледі.

Бұдан бөлек республика бойынша тұман, желдің күшеюі, батыста және оңтүстік аймақтарда найзағай, шаңды дауыл болуы ықтимал. Ал шығыс өңірлерде түнде көктайғақ, оңтүстік-шығыс аймақтарда күндіз бұршақ күтіледі, дейді мамандар.

Ауа температурасы бойынша күндіз батыс өңірлерде +23...+30 градусқа дейін ыстық, солтүстік-батыс, солтүстік және еліміздің орталығында +20...+27 градус ыстық болады деп болжануда. .

Ал еліміздің шығысында ауа температурасы +15...+23 градус жылы болса, оңтүстікте сынап бағанасы +25...+33 градусқа көтеріледі. Оңтүстік-шығыста ауа температурасы +17 градустан +25 градусқа дейін біртіндеп жоғарылайды деп күтілуде.

33 градус ыстық, жауын-шашын, тұман: елімізде алдағы күндері ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.