jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

"Әдемі көрініс": әскерден келген інісіне көлік сыйлаған ер азамат жұрттың жүрегін елжіретті

әскерден келген жігіт
Видеодан кадр: Instagram/shyndykz

Әлеуметтік желіде әскерден келген інісіне көлік сыйлаған азаматтың видеосы тарап, көптің жүрегін елжіретті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram желісіндегі shyndykz тобында жарияланды.

Кадрдан әскерден келген інісіне көлік сыйлаған жігітті байқауға болады.

Сонымен қатар видеода ағасының машинаның кілтін Iphone телефонының қорабына салып бергені көрінеді.

Бұл көріністі тамашалаған желі қолданушылары пікірлерін жарыса жазды.

"Бауыр деген осындай болу керек", "Әдемі көрініс. Інісі көлікті игілігіне мінсін", "Ағасы да, інісі де тәрбиелі. Анасына рақмет. Өмір жастары ұзақ болсын", "Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар, деген екен", "Анасының тәрбиесі мықты болып тұр", "Ағасы азамат екен. Інісі бауырының жақсылығын ұмытып кетпес", "Аға мен інінің арасындағы сыйластық көрініп тұр", - деп жазды пікір қалдырушылар.

"Әдемі көрініс": әскерден келген інісіне көлік сыйлаған ер азамат жұрттың жүрегін елжіретті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.