jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бұршақ, найзағай, жаңбыр : бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Қолшатыр ұстаған қыз
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер сейсенбі, 25 сәуірде республика бойынша және еліміздің ірі қалалары - Астана, Алматы, Шымкентте ауа райы қандай болатынын болжады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап.

Метеорологтардың мәліметінше, бүгін республиканың басым бөлігінде жаңбыр, түнде солтүстік пен шығыста жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын күтіледі.

Сондай-ақ респбулика бойынша жел күшейіп, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, оңтүстік-батысында және батысында шаңды дауыл, орталығында тұман, күндіз батысында бұршақ, найзағай күтіледі. Оңтүстік-шығыста да найзағай ойнап, күн күркіреуі ықтимал.

Бүгін Алматы қаласында да найзағай ойнап, желдің екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Күндіз +17...+19 градус жылы болса, түнде ауа температурасы +5...+7 градусқа дейін төмендейді. Сонымен қатар оңтүстік астанада желдің күшеюіне байланысты бүгін дауылдық ескерту жарияланғанын айта кетейік.

Ал сейсенбіде Астанада күн ашық болады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз +16...+18 градусқа дейін көтерілсе, түнде -1...+1 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

Шымкентте де бүгін жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады. Күндіз +25...+27 градусқа дейін жылы болса, түнде ауа температурасы +12...+14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с.

Бұршақ, найзағай, жаңбыр : бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.