jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Алматыда балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеу қашан басталатыны белгілі болды

Тігін машиналары
Тігін машиналары. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 2 мамырда сағат 18:00-ден бастап балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеу басталады. Бұл туралы Алматы әкімдігі баспсөз қызметі Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Қала әкімдігінің хабарлауынша, тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеу www.damubala.kz жаңа порталы арқылы жүргізіледі.

Сондай-ақ 26 сәуірден бастап үйірмелер мен секциялардың иелері қызмет көрсетуге өтінім бере алады.

"Биыл балалар спорты және шығармашылық саласында мемлекеттік тапсырысты іске асыру өкілеттігі аудан әкімдіктеріне берілді. Бұл заңбұзушылықтың алдын алып, кемшіліктерге кеңшілік бермейді", - дейді әкімдік өкілдері.

Әкімдіктің мәліметінше, өтінім қарау және ваучерлерді бөлу мемлекеттік тапсырыс үшін қаржы көлемі толық бөлінген кезде аяқталады.

Алматы қаласындағы жеткізушілер мен ата-аналар үшін платформаны әзірлеушінің Telegram қолдау қызметі бар:

Ата-аналар үшін: https://t.me/almatydamubala

Жеткізушілер үшін: https://t.me/almatypostavshik.

Алматыда балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге тіркеу қашан басталатыны белгілі болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.