Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысында ауыр жүк көлігін жүргізушілер дизель отынының қымбаттауына наразылық білдірді (видео)

Жарияланған күні:

жүк көліктері
Жол жиегіндегі жүк көліктері. Видеодан скриншот: KAZ.NUR.KZ

Whatsapp желісінде Жамбыл облысында ауыр жүк көліктерінің қозғалысы бір мезетте тоқтап, жүргізушілері жол бойында наразылық білдіргені туралы видео тарады. Бейнежазбада жүргізушілер дизель отынының қымбаттауына қарсылық танытып, бағасын төмендетуді талап еткені айтылған. Бұған қатысты облыс әкімдігі пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Мессенджерде тараған видеода Тараздан Алматыға шыға беріс жолда жүк көліктерінің қозғалысы тоқтағаны көрсетілген.

"Тараз. Көліктер тоқтады. Екі жолақ та тегіс тоқтады. Тас жинап қойды, абайлаңдар. Өтіп кетіп жүрмеңдер", - дейді видеодағы адам.

Сондай-ақ жүргізушілер ақылы жолды тегін қылсын деп талап қойған. Оқиға орнына шұғыл жеткен тәртіп сақшылары наразылық білдіргендерге түсіндірме жұмысын жүргізіп, таратты.

Сондай-ақ Жамбыл облысы әкімдігі жағдайға байланысты пікір білдірді.

"Байзақ ауданында дизель отынының қымбаттауы мен жолдың сапасыздығына байланысты 30 жүк көлігінің жүргізушісі жиналды. Жолды рұқсатсыз жауып тастау дерегі расталмады. Тоқтап тұрғандардың басым бөлігі шетелдік нөмірі бар көліктер. Олар өзге жүк көліктерінің тоқтау себебін білу үшін ғана аялдаған. Байзақ ауданы әкімінің орынбасары мен полиция бөлімі мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, барлығы тарап кетті. Қазіргі таңда жағдай тұрақты", - делінген ресми хабарламада.

Автор: Дана Мұхарбек

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2018239-zambyl-oblysynda-auyr-zuk-koligin-zurgizusiler-dizel-otynynyn-qymbattauyna-narazylyq-bildirdi-video/